21.06.2018, 16:31 801 Луценко, Бижігітов және тағы да басқа Ұлттық чемпионатқа қатысатын велошабандоздар

26 маусым күні Алматыда спорттық күнтізбедегі ең маңызды жарыстардың бірі Қазақстан Республикасының тас жолдағы велоспорттан Ұлттық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Биылғы жылы чемпионат бұрынғыдан да ауқымды әрі есте қаларлықтай өткізіледі деп жоспарланып отыр. Жарыстың өтетін орыны бұрынғыдай, индустриалды аймақ болып қала бермек. Алайда, қатысушылардың құрамы айтарлықтай нығайды. Ұлттық чемпионның ақ жейдесі үшін «Astana» командасының барлық «қазақстандық» өкілдері - Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев, Даниил Фоминых, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Евгений Гидичтер бақ сынайды. Сонымен қатар, ұлттық құрама мен құрлықтық командалардың үздік өкілдері де велобәйгеге қатысады.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанаты 26 маусым күні өтеді. Ал келесі күні велобәйге қатысушылары үшін жекелей жарыс басталады. Жарыстың қалған күндері шабандоздар жеңіс тұғырынан көріну үшін командалық және жұптық-командалық жарыстарда бақ сынайды. 1 шілде, яғни финалда таңдаулы ерлер арасында 200 шақырымға созылатын топтық жарыс өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал