16.02.2018, 9:09 908 Луценко Оман турында үшінші келді

«Астана» командасының велошабандозы Алексей Луценко Оман Турының үшінші кезеңінде (179, 5 км) 3-орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Луценко тек бельгиялық Грег Ван Авермат пен португалдық Руй Коштаға есе жіберді.

Алексей Оман Турының 2-кезеңінде де үшінші келген болатын.

Грег Ван Авермат веложарыстың жалпы есебінде бірінші орынға шықты. Ал Алексей Луценко 11 секундтық айырмамен екінші орынға орналасты. «Астана» жалпыкомандалық классификацияда көшбасшы болып қалуда.

Веложарыстың төртінші кезеңі ертең, 16 ақпан күні өтеді. Оның қашықтығы 117,5 километрді құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал