23.05.2018, 10:32 728 Мадияр Әшкеев келесі кездесуін Атлантик-Ситиде өткізеді

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (9-0, 5 КО) 4 тамыз күні Атлантик-Ситиде (АҚШ, Нью-Джерси) кезекті кездесуін өткізеді.
Жеңіліп көрмеген боксшының бірінші орта салмақтағы кездесуі сегіз раунд форматында өтеді. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.
Еске сала кетейік, Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) пен колумбиялық Элейдер Альварес (23-0, 11 КО) жекпе-жегі болмақ.
Айта кетейік, Эгис Климас Мадияр Әшкеевтен (9-0, 5 КО) басқа, Қанат Ислам (25-0, 20 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО), Сағадат Рахманқұлов (2-0, 1 КО) және Асхат Уәлихановтардың (2-1, 2 КО) да промоутері.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал