05.07.2018, 12:42 804 Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің Атлантик-Ситиде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өтетін жекпе-жегінің қарсыласы анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Отандасымыз ағымдағы жылдың 4 тамыз күні АҚШ-тағы бокс кешінде төбе көрсетеді. 29 жастағы Әшкеев (9-0, 5 КО) 32 жасар америкалық Клеотис Педарвиспен (21-4-2, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы BoxRec.com жазды.

Айта кетейік, айтылған бокс кешінде еліміздің тағы бір боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал