28.02.2018, 23:31 890 Мадияр Жанұзақ IBF титулын жеңіп алды

28 ақпан күні қазақстандық боксшы Мадияр Жанұзақ Макаода флиппиндік Джон Марк Алиманды жеңіп, IBF B&R Region атағының иегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мадияр Жанұзақ пен Марк Алиманмен болған 10 раундтық кездесу ең жеңіл салмақ (50,8 килограмм) бойынша өтті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бурауыздан қолдауының арқасында жеңді.

Мадияр Жанұзақты кәсіби рингте танытумен екі промоутерлік компания айналысуда. Олар: «Alban Promotion» мен ресейлік «RCC Boxing promotion».

Айта кеетйік, IBF B&R Region белдігі 2017 жылы халықаралық бокс федерациясы (IBF) азиялық промоутерлердің бастамасымен бекіткен болатын. Ол үшін Азия, Еуропа мен Африканың 70 мемлекетінің өкілі өзара бәсекеге түсе алады. Бұл нұсқау бойынша IBF чемпиондары әлемдік бокс рейтингінде көтерілу мүмкіндігіне ие болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал