04.05.2018, 16:12 991 Мадияр Жанұзақ шілде айында титулын қорғайды

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы, IBF B&R Region титулының иегері Мадияр Жанұзақ шілде айында келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстандық боксшы ағымдағы жылдың шілде айында шаршы алаңға оралады. Жекпе-жек Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді деп жоспарланған. Әзірге отандасымыздың қарсыласы анықтала қойған жоқ.

Мадиярдың айтуынша, ендігі кездесуде ол жақында жеңіп алған титулды қорғауы мүмкін. Ал, олай болмаған жағдайда рейтингтік ұрыстың кезегі келеді.

Жанұзақ алдағы жекпе-жекте қарсыласынан басым түссе, әлемдік рейтингте үздік 100 боксшының қатарына енеді.

Еске сала кетейік, жерлесіміз  28 ақпан күні Макаода филиппиндік Джон Марк Алиманды жеңіп, IBF B&R Region атағының иегері атанған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал