12.06.2018, 12:46 1197 Мадияр Жанұзақтың келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Аса жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы, IBF B&R Region титулының иегері Мадияр Жанұзақ шілде айының 8-і күні келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қазақстандық боксшы ағымдағы жылдың шілде айында шаршы алаңға оралады. Жекпе-жек Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Отандасымыз филиппиндік Альфа Дагайлоанмен жұдырықтасады.

26 жастағы Дагайлоан кәсіпқой бокста 16 жекпе-жек өткізіп үлгерді. 9 рет жеңіс тойлап, 2 рет қарсыласына жол берген. Қалған 5 кездесу тең нәтижемен аяқталған.  

Жанұзақ осы ұрыста филиппиндіктен басым түссе, әлемдік рейтингте үздік 100 боксшының қатарына енеді.

Еске сала кетейік, жерлесіміз  28 ақпан күні Макаода филиппиндік Джон Марк Алиманды жеңіп, IBF B&R Region атағының иегері атанған еді.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз - «Роман Гонсалеспен жұдырықтасқым келеді» - Мадияр Жанұзақ

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал