04.07.2018, 17:55 771 «Маған кім сенеді?» - Кукушкин Надальмен кездесу алдында жанкүйерлеріне сауал жолдады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надальмен кездесу алдында өзінің жанкүйерлеріне сауал жолдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Wimbledon турнирінің екінші айналымына шығып, мерейім тасып отыр. Келесі кездесуді Рафаэль Надальға қарсы өткіземін. Маған кім сенеді?», - деп жазады Кукушкин өзінің Инстаграм желісінде.

Еске сала кетейік, «Уимблдонның» бірінші кезеңінде қазақстандық теннисші Вашек Поспишилдан айласын асырған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал