14.06.2018, 12:55 754 «Манчестер Юнайтед» әлемнің тағы да ең қымбат клубы атанды

 

Фото - Readfootball

Атақты Forbes журналы жыл сайын жаңғырып отыартын әлемдегі ең қымбат клубтардың рейтингін шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Тізімде екінші жыл қатарынан «Манчестер Юнайтед» футбол клубы көш бастап келеді. Ағылшын клубының нарықтағы бағасы 3,511 миллиард еуро құрайды. Өткен жылы олардың құны 3,143 миллиард еуро болған. Айтылған рейтингте екінші орын Мадридтің «Реал» (3,482 миллиард) командасына бұйырды. Ал, үздік үштікті 3,461 миллиард еуромен тағы бір испаниялық клуб «Барселона» түйіндеп тұр.

Forbes журналы ұсынған әлемнің ең қымбат 10 клубымен таныс болыңыздар:

4. «Бавария» (Германия) – 2,608;

5. «Манчестер Сити» (Англия) – 2,107;

6. «Арсенал» (Англия) – 1,906;

7. «Челси» (Англия) – 1,755;

8. «Ливерпуль» (Англия) – 1,655;

9. «Ювентус» (Италия) – 1,253;

10. «Тоттенхэм» (Англия) – 1,053.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал