20.07.2018, 8:29 1745 «Мәңгі біздің есіміздесің» - Головкин Денис Теннің қазасы жайлы

WBA (Super), WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Головкин өзінің инстграм парақшасында Дениспен бірге түскен суретін жариялап қысқа ғана: «Сен мәңгі біздің есіміздесің... » ,-деп жазды.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда Қазақстанға танымал спортшылардың бірі Денис Тен жамбасынан пышақтан жарақат алды. Дәрігерлер қаншама арпалысқанымен оның өмірін аман алып қала алмады. Денис Теннің қазасы бүкіл Қазақстанді дүрліктірген қайғылы оқиға болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал