16.05.2018, 11:01 159 Марадона клуб президенті болды

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона Беларусьтың «Динамо-Брест» футбол клубында жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды БЕЛТА аталған футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Динамо-Брест» футбол клубымен үш жылға келісімшартқа қол қойған Диего Армандо Марадона клуб басқармасының төрағасы лауазымында қызмет ететін болады.
Ол клубтың стратегиялық дамуы мәселесімен шұғылданады, сондай-ақ «Динамо-Брест балалар академиясын қоса алғанда оның барлық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасайды.
57 жастағы Марадона Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатынан соң іске кіріседі.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал