27.04.2018, 18:11 Марадона қос аяғынан айырылған қазақ баласын құшағына сыйдырды

Ала доптың шебері болғысы келетін аяқсыз бала әйгілі футболист Диего Марадонамен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жапты.

Әлидің анасы Ақмарал Әмреева осындай қуанышымен бөлісті. Аты аңызға айналған ала доп шебері де Әлимен түскен суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Асқақ арманын бейнежазба арқылы жеткізген елордалық оқушының тілегін Диего Марадона жауапсыз қалдырмаған. Жанұясымен Дубайға қонаққа шақырып, құшақ жая қарсы алған.

Әйгілі футболист, спорт тарихындағы аңыз адам Диего Марадона арманшыл қазақ баласының тілегін жерге қалдырмады. Қарапайымдылығы осы болса керек. Әлиді туған немересіндей қарсы алып, ізгі тілегін арнаған. Құшағына ұзақ қысып, Әлидің қайраттылығына таңданысын жасырмаған.

Ала доптың шебері болғысы келетін аяқсыз бала әйгілі футболист Диего Марадонамен кездесіп, иығына қазақтың шапанын жапты. Әлидің анасы Ақмарал Әмреева осындай қуанышымен бөлісті. Аты аңызға айналған ала доп шебері де Әлимен түскен суретін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салған. Асқақ арманын бейнежазба арқылы жеткізген елордалық оқушының тілегін Диего Марадона жауапсыз қалдырмаған. Жанұясымен Дубайға қонаққа шақырып, құшақ жая қарсы алған. Әйгілі футболист, спорт тарихындағы аңыз адам Диего Марадона арманшыл қазақ баласының тілегін жерге қалдырмады. Қарапайымдылығы осы болса керек. Әлиді туған немересіндей қарсы алып, ізгі тілегін арнаған. Құшағына ұзақ қысып, Әлидің қайраттылығына таңданысын жасырмаған.

қайнар көз: http://kaztrk.kz/news/sport/diego-maradonamen-kezdesudi-armandagan-ali-aigili-ayaqdopshyga-shapan-zhapty-112111
Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс http://kaztrk.kz
  • Достармен бөлісу: