17.09.2018, 16:56 1844 Марина Седнева - Гран-при турнирінің жеңімпазы

Беларусь елінің астанасы Минск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александрь Медведь атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Еркін және әйелдер күресінен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық турнирде Қазақстаның әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. 50 келіде Валентина Ислямова - күміс жүлдегер. Сондай-ақ, 53 келідегі Аиша Уалишан, 68 келіде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова Медведь атындағы турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал