20.07.2018, 10:25 687 Марина Закшевская – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күні бозкілемге бойжеткендер шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР Күрес түрлері федерациясына сілтеме жасап.

50 келі салмақта ел намысын қорғаған Марина Закшевская Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Марина ширек финалда қытай балуанынан жеңілгеніне қарамастан жұбаныш белдесуін сәтті өткізіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші бәсеке үндістандық балуанмен өтіп, Марина белдесуді 3:2 есебімен аяқтады.

Өкінішке қарай, 68 келідегі Валерия Гончарова қола медаль үшін болған белдесуде кәріс балуанының алдында әлсіздік танытып, бесінші орынға ие болды.

Айжан Сүйдуова (55 келі), Екатерина Фристова (59 келі), Айнагүл Әбирова (76 келі) Азия чемпионатын ширек финалда тоқтатты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал