20.08.2018, 13:50 610 Мария Дмитриенко Азия ойындарында 4-ші орын иеленді

Азия ойындарында стенд атудан финалдық бәсекеге өткен Мария Дмитриенко жүлдесіз қалды. Ол шешуші сәтте мүлт кетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Трап" бағдарламасы бойынша финалдық кезеңге алты елдің спортшылары өткен болатын. Мария Дмитриенко екі іріктеу айналымында да көш бастап, финалға бірінші орынмен шықты. 

Одан бөлек, біздің спортшымыз 119 ұпай жинап, Азия ойындарының рекордын жаңартқан еді. 

Өкінішке қарай, ақтық сында Мария қателікке бой алдырып, жүлдегерлер қатарына ілінген жоқ. Енді Мария 23 тамыз күні "дубль трап" бағдарламасы бойынша бақ сынайды. 

Бұл бағдарлама бойынша Қытай, Оңтүстік Корея және Ливан спортшылары тиісінде жүлделі орындарды бөлісті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал