26.07.2018, 13:24 659 Мария Дмитриенко Италиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық мерген Мария Дмитриенко Италияда өтіп жатқан «H.H. SHEIKHA FATIMA BINT MUBARAK WOMEN'S INTL. SHOOTING CHAMPIONSHIP» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубына сілтеме жасап.

Стенд атудың дубль-трап бағдарламасында бақ сынаған Дмитриенко үздіктер қатарында өнер көрсетіп, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

- Финалға Мария 6-шы орынмен шыққан. Алайда, үздік алтылықтың арасында өткен ақтық сында Дмитриенко ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Айтпақшы, ол былтыр да осы турнирде трап бағдарламасы бойынша теңдессіз атанған, - деді бұл туралы «Астана» мергендер клубының бас менеджері Андрей Могилевский.

Сондай-ақ, Апеннин түбегінде қосамжарлана өтіп жатқан «EMIRATES ITALIAN OPEN GREEN CUP» халықаралық турнирінде ерлер арасынан жерлесіміз Александр Ещенко скит бағдарламасында финалға шығып, 125 ұпайдың 122-сін еншіледі де, доданы 5-шы орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, мергендеріміз Италияда 18 тамыз күні Джакартада өтетін Азия ойындарына дайындалуда. Жаттығу жиынынан бөлек, Апеннин түбегінде жерлестеріміз техникалық арсеналдарын жаңартумен айналысады.

«Астана» Президенттік кәсіпқой мергендер клубы 2015 жылы құрылған. Мұнда спорттық ату және стенд атудан еліміздің ең үздік мергендері жиналған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал