16.02.2018, 13:02 953 Мария мәре сызығын 51-ші болып кесті

Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғысы спортынан кезекті жарыс аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Аталған спорт түрінен  төсіне «алтын» таққан швециялық Фрида Хандсоттер, оның артынан мәре сызығын кесіп өткен Швейцариядан келген спортшы Венди Хольденар болды. Ал, австриялық шаңғышы Катарина Галльхубер үшінші орынды қанағат тұтты.

Жерлестеріміздің нәтижесі көңіл қуантады деп айту қиын. Қазақстандық Мария Григорова алғашқы сында 54-ші болып келсе, екінші кезеңде 51-ші орынға сырғыды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал