01.05.2018, 12:31 766 Мария Телушкина Беларусь елінен қола жүлдемен оралды

27-28 сәуір күндері Беларусь мемлекетінің Брест қаласында  КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Евгений Шукевичті еске түсіруге арналған дәстүрлі жеңіл атлетика турнирі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтемес жасап.

Осымен 34-рет ұйымдастырылған жарысқа 150 спортшы қатысты. Олардың арасында Беларусь, Украина, Молдова, Иран, Израиль және Қазақстанның атлеттері өнер көрсетті. Еліміздің намысын 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қатысушысы, дискобол Мария Телушкина қорғады. Алматылық спортшы Брестте 47,76 метрге лақтырып, қола жүлдеге ие болды.

Ал бірінші-екінші орынды жергілікті спортшылар өзара бөлісті. Бас жүлде 2016 жылғы чемпион Светлана Сероваға бұйырса (52,81 метр), Екінші орынға Елене Абрамчук (50,63 метр) ие болды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал