23.04.2018, 10:07 689 Мартиросян Головкинмен өтетін жекпе-жекте әлемді аузына қаратпақ

Америкалық үміткер Ванес Мартиросян 5 мамыр күні бірнеше нұсқа бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңіп, сенсация жасауда өз мүмкіндігіне сенеді.

Қазір Мартиросян SNAC спорт орталығында бұрынғы UFC чемпионы Ронда Роузидің жаттықтырушысы болған Эдмонд Тарвердянмен бірге дайындық жүргізіп жатыр.
«Мен бұл мүмкіндікке әлемді таңғалдыру үшін ие болдым. Мен роботпен жұдырықтаспаймын. GGG - қарапайым адам, оны жеңуге болады. Мен осы жекпе-жекке құмартып отырмын. Қазір SNAC-та жаттығып жатырмын, бізде жеңіс үшін жоспар бар екендігіне сенемін», - деп келтіреді Boxingscene.com Мартиросянның сөзін.
Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсонда (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал