14.06.2018, 17:33 2614 «Майда-шүйде мәселелер ғана қалды» - «Найман» армян файтерімен жақын арада кездеседі

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов пен армян файтері Давид Хачатрян арасындағы жекпе-жек жақын арада өтіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Осыдан екі күн бұрын «Найман» өзінің инстаграм желісінде Fight Nights ұйымына өтініш білдіріп, Армения елінің жауынгері Давид Хачатрянмен кездескісі келетіндігін мәлімдеген еді.

«SPORTINFORM» САА редакциясы атақты аралас жекпе-жек майталманына тікелей шығып, мәселенің анық-қанығына жетті.   

«Майда-шүйде мәселелерді шешу ғана қалды. Шешім тез қабылдануы керек деп ойлаймын. Өйткені, ММА-да өңкей гладиаторлар жиылған. Боксшылар секілді тәлпіштеніп, қыңырлану бізге жат қылық. Армян спортшысымен өтетін ұрыстың ауылы алыс емес, ағайын!», - дейді Хамитов.    

Естеріңізде болса,  Хачатрян әлеуметтік желіде «Найманды» сөзбен түйреп өткен еді, ал Хамитов өз кезегінде оны Қазақстанға қонаққа шақырды.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал