06.05.2018, 15:24 813 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Тартысты өткен жекпе-жекте сен өзіңнің спорттық шеберлігіңді тағы да дәлелдеп, чемпиондық атағыңды сенімді түрде қорғадың. Барлық қазақстандықтар сенің спорттағы зор жетістіктеріңді мақтан тұтады.

Сен өзіңнің талантың мен еңбексүйгіштігіңнің, қарапайымдылығың мен баршаға сүйкімділігіңнің арқасында бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап алдың. Осы қасиеттерің әрдайым бойыңнан табылып, жастарымыз үшін жарқын үлгі бола берсін», – делінген жеделхатта

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал