11.04.2018, 10:23 734 «Мені Головкиннен басқасы қызықтырмайды» - Сондерс

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс допинг дауына байланысты тоқтатылған Головкин мен Альварес жекпе-жегіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды SPORTINFORM САА.

«Альварес ұсталып қалды. Ол алаяқ және суайт, оған ақталудың да еш қажеті жоқ. Енді оны ұзақ уақыт спортқа жолатпаған дұрыс. Головкинге келер болсақ, мен оның көптеген қарсыластарымен күш сынасып көргенмін, сондықтан ол менімен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Мен Лас-Вегас жұртшылығы алдында мұндай ауқымды кездесу өткізу бала кезден келе жатқан арманым. Головкиннен басқасы мені қызықтырмайды. Егер кездесемін десе мен дайын»,-дейді Сондерс BoxingScene -ге берген сұхбатында.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал