27.07.2018, 9:00 772 Мейірім Нұрсұлтанов алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) 4 тамызда доминикандық Хонатан Батисге қарсы өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

«Менің мақсатым нокаутқа түсіру ғана емес, сондай-ақ көрермендерге, фанаттарым мен командаға әдемі жеңіс сыйлау. Алдыңғы жекпе-жекте мықты қарсыласқа тап болдым. Оның бокстасу стилімен біраз қиналдым. Ол кезде техникалық нокаутпен оздым, алайда осы жолы жеңіске жылдамырақ жетуге бел будым. Бокстағы өнерімді барынша көрсеткім келеді, алайда жағдай үнемі біз ойлағандай бола бермейді», - деді нокаутшы.

Боксшының айтуынша, әр қарсыластың өзіне тән ерекшелігі болады. Ол соңғы бірер секундтың ішінде жоспарын өзгертіп жіберуі мүмкін.

«Әр жекпе-жек сайын өзімді жақсы қырынан танып жатырмын. Батиста бірнеше рет жеңіліске ұшыраған. Алайда кәсіпқой бокста оның еш маңызы жоқ. Мен әр кездесуге жүз пайыз дайындықпен келемін. Фанаттарымның қатарын Атлантик-Сити халқымен толықтырғым келеді. Жанкүйерлерімнің көп болғаны кәсіпқой боксшы ретінде өсуіме ықпал етеді. Бар күшімді салып, қазақстандық бокс мектебінде жасаған еңбегімізді көрсетуге тырысамын. Мақсатым - чемиондық белдіктер жинай бастау. Қазір рейтингтерде жоғары сатыға көтеріле бастадым. Болашақта да дәл осылай жалғаса береді деп үміттенемін», - деді Нұрсұлтанов.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал