25.06.2018, 17:04 791 Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғары өрледі

 

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) жексенбі күні өткен жекпе-жектен кейін BoxRec.com сайтының рейтингінде жағдайын жақсартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Лос-Анджелес (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында отандасымыз мексикалық боксшы Хосуэ Обандомен (16-21-1, 12 КО) кездесті. Ұрыс алты раундқа жоспарланды. Кездесуде Нұрсұлтанов қарсыласынан айласын асырып, мексикалықты техникалық нокаутпен жеңді.

Осы жеңістен кейін Мейірім Нұрсұлтанов атақты BoxRec.com сайтының рейтингінде бірден он бір сатыға жоғары өрлеп, 75-ші орынға тұрақтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал