27.02.2018, 12:32 919 Мейрамбек Айнағұлов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық грек-рим стилінің балуаны Мейрамбек Айнағұлов (63 кг дейінгі салмақта тіркелген) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жерлесіміз 10:0 есебімен ирандық балуан Керамат Абдевалиды ойсырата жеңді. Енді Айнағұлов шешуші шайқаста Ельмурад Ташмурадов (Өзбекстан) – Викрам Курад (Индия) жұбының жеңімпазымен ұшырасады.

Тағы бір қазақстандық балуан Қорлан Жақанша (55 кг) 2:14 есебімен қырғыз спортшысы Жоламан Жаршенбековке жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін айтылған доданың 1/4 финалына отандасымыз Хусейн Муцольгов жолдама алған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал