01.08.2018, 12:16 887 «Мидтьюлланд»- «Астана» матчын қайдан көруге болады

УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында даниялық «Мидтьюлланд» пен елордалық «Астана» командалары арасындағы жауапты ойынды «QAZSPORT» арнасы бүгін, яғни 1 тамыз сағат 22:50-де тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Еске сала кетейік, осыдан тура бір апта бұрын «Астана-Аренада» өткен кездесуде елордалық клуб Ласло Кляйнхайслердің қос голының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал