02.07.2018, 11:41 1110 Михаил Кукушин АТР рейтингінде 13 сатыға жоғарылады

Истбурндегі турнирде жартылай финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР рейтингінде бірден 13 орынға жоғарылады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтингте Кукушкиннің соңғы жарыстағы көрсеткіші есепке алынып, ол 77-ші орынға көтерілді. 

Рейтингтің бірінші орынында Рафаэль Надаль, екінші сатыда Роджер Федерер, үшінші болып Александр Зверев тұр.

Еске сала кетейік, Кукушин Истбурнде Ұлыбританияның бірінші ракеткасы Кайл Эдмунды жеңген болатын. Әзірге, Кукушкин ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал