09.04.2018, 16:07 815 Михаил Кукушкин ATP рейтингінде орнын өзгерткен жоқ

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Испандық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы болып қалып отыр, екінші орында - швейцариялық Роджер Федерер, көшбасшылар үштігін хорват Марин Чилич тұйықтады. ТОП-100-дегі Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 92-орынды сақтап қалды.
Біздің елімізден ТОП-100-ге жақын спортшы Александр Бублик 146-орыннан 145-ке көтерілді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал