20.08.2018, 12:36 1540 Мини-футбол: Еуропа чемпионатында Қазақстан үшінші орын алды

Киевте өткен турнирге 16 команда қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Албания (1:0) мен Ирландия (3:0) құрамаларын ұтып, Болгария мен Босния және Герцеговина құрамаларымен тең түсті (екі ойын да 1:1 есебімен аяқталды).

Ширек финалда біздің команда Сербиядан 2:1 есебімен басым түсті. Ал, жартылай финалда Румынияға жол берді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы пенальти сериясында Румыния дәлдік танытты - 1:3.

Үшінші орын үшін өткен ойында Қазақстан Англияны 2:0 есебімен ұтты. Жеңіс голдарын Дидар Сыдықбек пен Ержан Жарылғағанов соқты.

Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысы бойынша қола жүлдені иеленді. Финалда Румынияны жеңген Чехия турнир жеңімпазы атанды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал