18.10.2018, 8:19 7156 ММА бойынша халықаралық турнирді отандық арна тікелей эфирде көрсетеді

 


ММА бойынша «Fight Night Global» халықаралық турнирі «Хабар» арнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

19 қазан күні сегіз бұрыштағы алпауыттар сайысы тікелей эфирде таратылады. Қазақстандық балуан Игорь Жирков ресейлік Бахачали Бахачалиевпен алаңға шығады.

Ал чемпиондық титул үшін Ресей ММА жұлдыздарының қатысуымен өтетін кештің басты жекпе-жегі Владимир Минеев пен Магомед Исмаилов арасында болмақ.

Мәскеудегі тікелей көрсетілім 19 қазан күні сағат 23:30-да басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал