11.06.2018, 9:45 819 Моңғолиядағы халықаралық турнирде қазақтың балуан қызы қарсылас шақ келтірмеді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда еркін және әйелдер күресінен "Mongolia Open" халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күні жүлдесіз қалған қыздар құрамасы бүгін ел қоржынына бірден төрт медаль салды. Атап айтсақ, 76 келіде күрескен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова финалда монголиялық балуанды ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Дәл осы салмақта күрескен Гулмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болды.

68 келідегі Жамилә Бақбергенова мен 53 келідегі Айгүл Нуралім тиісінше күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Айта кетейік, Айгүл қола медаль үшін белдесуде қазақстандық тағы бір бойжеткен Мадина Рамазановамен шығуы керек болатын. Алайда, Мадинаның жарақатына байланысты жеңіс Айгүлге берілді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қуат Әміртаев (61 келі) пен Олег Болтин (125 келі) "Mongolia Open" турнирінің қола жүлдегерлері атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал