27.08.2018, 10:00 584 Мукашева Азиаданың финалдық кезеңіне өтті

Азия ойындарында жеңіл атлеттер додасы жалғасын тапты. Бүгін жарыс жолына шыққан Маргарита Мукашева іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

800 метрге жүгіруден ел намысын қорғайтын Маргарита Мукашева іріктеу кезеңін үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші – 2:04.52.

Іріктеу айналымынан соң Бахрейн және Жапония спортшылары алда тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал