27.02.2018, 12:06 932 Муцольгов Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

Қазақстандық грек-рим балуаны Хусейн Муцольгов ( 87 кг дейінгі салмақта тіркелген) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алғашқы жекпе-жекте Муцольгов Оңтүстік Корея елінен келген спортшыны 13:4 есебімен тізе бүктірді. Келесі кезеңде жерлесіміз Өзбекстанның өкілі Мухаммадали Шамсидиновпен кездеседі.

Тағы бір балуанымыз Мақсат Ережепов (77кг) ирандық Мохамадалли Гераиге жол берді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал