12.06.2018, 10:42 2084 «Найман» армян файтеріне жауап қайтарды

Қазақстандық ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов армян жауынгері Давид Хачатрянды Қазақстанға шақырып, жылқының етінен дәм татуға шақырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Кеше Давид Хачатрян өзінің инстаграм парақшасында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері «Найманға» ызалы екенін білдірді. Еске салайық, Хамитов бұған дейін Питер Куилли мен Хачатрянның кездесуінде болжамды ирландиялықтың пайдасына жасаған еді. «Қуат, былшылдай бермей, жылқыңның етін же!» - дәл осылай Давид қазақстандыққа сілкінген еді.  

Алайда, Қуат Хамитов дипломат екенін танытып, қажетті сөз бен ойды таба алды:

«Давид – жоғары деңгейдегі файтер. Оның жүріп өткен жолы екінің біріне арман болып қалады. Мен мансабымды бастағанда оның чемпион атанып үлгергендігімен келісемін. Менің сөздерім Хачатрянды ренжітсе керек. Давид досыма айтарым: Қазақстан – қонақжай ел, ат басын бізге бұр, жылқының етінен дәм тат», - деді Хамитов.  

Сондай-ақ, оқи отырыңыз – «Сен біздің болашақ Мейвезерсің» - Қуат Хамитов Елеусіновтің болашағы жайлы

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал