04.09.2018, 17:34 9322 «Найман» келесі жекпе-жегін қашан өткізетіндігін айтты

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов келесі кездесуін қашан өткізуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Менің бірнеше жекпе-жегім белгісіз себептерге байланысты өтпей қалды. Оны не деп түсіндірерімді де білмеймін. Алайда, жанкүйерлерімді қазан айында кезекті ұрыс күтіп тұр деген болжам бар. Жекпе-жектің қашан және қайда өтетіндігі әзірге белгісіз. Тіпті, қарсылас та анықтала қойған жоқ», - дейді «Найман».

Естеріңізде болса, Хамитов өткен жылы ресейлік Магомедсайгид Алибековтен жеңіліп, әлем чемпионы титулынан айырылып қалған еді. Кездесу аяқталғаннан кейін отандасымыз реванштың болатындығын ашық айтқан еді.  

«Иә, қарымта кездесу болады деп айтқаным рас. Алайда, Алибеков титулды кездесуде Ахмед Алиевтен нокаут алып, белбеуімен қош айтысқаннан кейін райымнан қайттым. Біздің кездесудің ендігі мәні де қалған жоқ. Мен қызығушылығымды жоғалттым деп айтсам да болады. Тек чемпиондармен төбелескім келеді», - деп сөзін қорытындылады Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қараша айында ирландиялық Питер Куиллиге қарсы өткізген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал