29.06.2018, 17:46 2937 Хамитов VS Хачатрян. «Найман» жекпе-жектің қашан және қайда өтетіндігін айтты

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов пен армян файтері Давид Хачатрян ағымдағы жылдың 31-ші тамыз күні кездесуі мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Естеріңізде болса, осыдан екі апта бұрын «Найман» өзінің инстаграм желісінде Fight Nights ұйымына өтініш білдіріп, Армения елінің жауынгері Давид Хачатрянмен кездескісі келетіндігін мәлімдеген еді.

Бұған дейінгі алған сұхбаттарымызда «Найман» жақын арада армян спортшысымен кездесіп қаламын деген болатын.

«Хачатрянмен өтетін жекпе-жек жайлы келісімшарт болмағаннан кейін нақты кесіп айту қиын. Алайда, Астана қаласында осы жылдың 31-ші тамызында өтеді деген сыбыс бар. Қазір Fight Nights Қытайда үлкен турнир өткізіп жатыр, сол жарыс аяқталған соң ұйым басшылары біздің ұрысты қолға алады», - дейді Хамитов.  

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қараша айында ирландиялық Питер Куиллиге қарсы өткізген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал