28.03.2018, 9:14 1310 Найза лақтырудан Қазақстанның рекордсмені Таиландта жаттығып келді

Найза лақтырудан Қазақстанның рекордсмені,  «Altay Athletics» клубының алғашқы мүшелерінің бірі Варвара Назарова Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізіп келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Спортшы Таиланд астанасы Бонгокта жазғы мауымға дайындықты танымал өзбекстанық маман Сергей Войновпен бірге жүргізді. Бұл қазақстандық спортшының Таиландтағы биылғы маусымдағы екінші оқу-жаттығу жиыны.

20 жастағы атлет үшін жаңа маусым әлі басталған жоқ. Ол алғашқы жарысына наурыз айының соңында Шымкенттегі қысқы Қазақстан чемпионатына қатысады. Оңтүстік Қазақстанда спортшылар найза, балға, диск лақтыру және спорттық жүріс пен ұзындыққа жүгіруден сынға түседі.

– «Altay Athletics» клубының арқасында екінші рет Таиландқа келіп, жаңа маусымға дайындық жүргіздім. Мен өзбекстандық Сергей Войновпен бірге жұмыс істеп жүргеніме бес жыл болды. Ең алғаш ол бізге әкесі Таиландта жұмыс істеп жүргенде келген. Войно маған найза лақтыру кезінде қолымды қалай ұстау керектен бастап барлығын үйретті. Жеке рекордтарымның барлығы осы маманның арқасында деп айтса болады. 5 жылдан бері жыл сайын бірге бір жаттығу жиынын өткіземіз. Биыл бұл жағынан «Altay Athletics» клубы көмектесті. Жаттығу жиыны өте қиын өтті. Күн аптап ыстық, соған қарамастан қиын жаттығулардың барлығын жасадық. Күніне екі реттен дайындалдым. Осының бәрі алдағы уақытта кәсіби түрде өсуіме өз көмегін тигізеді деп үміттенемін. Әзірге қандай да бір коммерциялық жарыстарға қатысу, қатыспауым белгісіз. Биыл Қазақстанда көптеген сайыстар өтеді. Бастысы, бұрынғы жарақатым сыр бермей, жақсы нәтиже көрсетсем деп үміттенемін, – дейді Назарова.

Айта кетейік, Варвара Назарова 2016 жылы Қазақстан рекордын жаңартқан – 52.76 метр. Сол жылы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал