05.03.2018, 12:51 865 Қазақстанның бокстан екі дүркін чемпионы Щучинсктегі турнирді жеңіспен бастады

Қазақстанның бокстан екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай (51 кг) Щучинск қаласында Марина Вольнованың жүлдесіне өтіп жатқан турнирдің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қызайбай ресейлік Гелюс Гадиеваны 5:0 есебімен тас-талқан етті. Алғашқы кездесуінде қазақстандық боксшы қарсылас тарапынан ешқандай қысым көрген жоқ.  

Айта кетейік, Вольнованың жүлдесіне өтіп жатқан турнирге Қазақстан, Вьетнам, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі және Ресейдің боксшы қыздар қатысып жатыр. 

Фото - КФБ (Сергей Штрак)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал