16.05.2018, 12:15 206 Назым Қызайбай жағдайы төмен отбасы балаларына шеберлік сабағын өткізді

Бокстан Әлем және Азия жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы әкімдігінің қолдаумыен іске қосылған «Батыл бол» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға шеберлік сабақ өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ХАБ-қа сілтеме жасап.

Спорттық шара Наурызбай ауданыңда орналасқан спорт кешендерінің бірінде бокс федерациясы өкілдері, осы жобаның директоры Мұхтар Тұрсынов және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Нұрбек Марсұлының қатысуымен өтті.

50-ден астам балалар жаңа жаттыуғылармен танысып, атақты боксшы қыздар Назым Қызайбай, Балнұр Болатбек, Рано Паркатова, Арайлым Маясар және «Астана Арланс» боксшылары Дастан Бекен, Сұлтан Абдраимов, Бекжан Асқанбаймен бірге өз шеберліктерін байқады. Барлық қатысушылар көтерінкі көңілде болып, қуаныштарын жасырмады.

Бұл пилоттық жобаның басты мақсаты жағдайы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан мектеп жасындағы балаларды шахмат, бокс, қазақ күресі және тоғызқұмалақ спортын тегін үйрету болып табылады. Жоба әзірше Наурызбай ауданында іске қосылған.

Өз кезегінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен спортшыларға сыйлықтар және дипломдар сыйлады. Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбадың  айтуынша осындай шеберлік сабақтар жиі өтіп тұрса,  балалардың жеңіске деген жігері артады дейді.

«Осы балалар арасында болашақта біз сияқты чемпиондар өседі деп ойлаймын. Қала әкімдігінің бұл бастамасы өте керемет, мен ризамын», - деп Назым Қызайбай өз ойын білдірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал