12.06.2018, 16:44 715 Недовесов Алматыдағы «Челленджер» сериясының екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Алматыдағы "Челленджер" сериясын сәтті бастады. Недовесов жұптық сындағы өзінің әріптесі Тимур Хабибуллинді үш сет қорытындысы бойынша ұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорытынды есеп: 6:2, 3:6, 6:2. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Александр Недовесов 15 брейк-поинттың бесеуін іске асырды. Сондай-ақ, төрт рет қателік жіберді.

Келесі кезеңде отандасымыз Джерар Гранольерс (Испания)/ Нино Сердарусич жұбының жеңімпазымен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал