19.04.2018, 15:01 799 Недовесов Қытайдағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан "Челленджердің" 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарыстың екінші айналымында отандасымыз кореялық Юн Сон Чаннан басым түсті – 6:4, 6:2.

Енді келесі айналымда Недовесов үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал