24.08.2018, 13:40 1682 Новак Джокович US Open турниріне қатыспақ

«Мастерс» турнирлерін түгелдей жеңіп, теннис тарихына жаңашылдық енгізген Новак Джокович енді осы жетістігін US Open-де қайталағысы келеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтем жасап.

Дәл қазір Америкада теннистен жылдың басты бәсекесі басталды. Іріктеу сындарынан аттап өтіп, жарысқа бірінші айналымнан қатысатын сербиялық теннисші қазір демалып жүр. Жанкүйерлерімен кзедесіп, өз жоспарларымен бөлісті. Әсіресе, дәл осы Үлкен Дулыға сериясына кіретін турнирде топ жаруды көздеп отыр.

Айта кетейік, US Open бәсекесі 27 тамызда басталады. Ал 21 тамыздан бері іріктеу сындары өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион АҚШ долларын құрайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал