23.10.2018, 5:51 1399 Нұрислам Санаев әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Будапештте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда ресейлік балуан Заур Угуевтен 3:4 есебімен ұтылды. 

Соңғы ұпайды иеленіп, чемпиондық атаққа біртабан жақын тұрған Санаевқа төрешілер күтпеген жерден ескерту берді. Ал қалған 13 секундта біздің спортшы ұпай алып үлгерген жоқ. 

Еске сала кетейік, еркін күрестегі өзге қазақстандық балуандар жүлдеден алыс қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал