23.06.2018, 12:22 752 Нұрсұлтанов ұрыс алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (6-0, 5 КО) ертең кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Нұрсұлтановтың қарсыласы болып мексикалық боксшы Хосуэ Обандо (16-20-1, 12 КО) атанды. Лос-Анджелес қаласында өтетін кездесу алты раундқа жоспарланған.

Ұрыс алдында қос боксшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Мейірімнің салмағы 163,5 фунтты құраса, ал Обандо тура 164 фунт болып шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал