08.04.2018, 19:16 953 Нұрзат Сабыров қарсыласын нокаутқа түсірді

Жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде Нұрзат Сабыров чехиялық Станислав Эшнермен қолғап түйістірді. Жартылай ауыр салмақтағы қос боксшының жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Төртінші раундта Нұрзат өз қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингте осымен бесінші жекпе-жегін өткізіп, бесеуінде де қарсыластарын нокаутпен жеңді. Ал өз карьерасында сегіз кездесу өткізіп, бәрінде жеңген Станислав Эшнер тоғызыншы кездесуінде қазақ боксшысынан нокаут алды.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал