17.06.2018, 9:28 1094 Нұрзат Сабыров мексикалық боксшының быт-шытын шығарды

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бүгін таңда Канаданың Шавинган қаласында өткен жекпе-жекте ол Мексика өкілі Гильермо Ромеромен күш сынасты. Бұрын жартылай ауыр салмақта өнер көрсеткен Сабыров осы жекпе-жек үшін арнайы екінші орта салмаққа түскен болатын. Сегіз раундқа шақталған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Алғашқы үш раунд бойы бір қалыпты басымдықпен жұдырықтасып отырған Н.Сабыров төртінші раундта бірден қарқынын арттырды. Қарсыласы оның осы қысымына төзе алмай, жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын білдірді. Нұрзат Сабыровтың есебіне техникалық нокаут жазылды.

Н.Сабыров осымен жетінші жеңісіне қол жеткізсе, мексикалық боксшы жетінші рет жеңіліп отыр. Бұдан тыс ол 12 кездесуді жеңіспен аяқтаған.

 Еске сала кетейік, осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов та қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал