19.08.2018, 19:11 695 Нысана көздеуші мергендер Азия ойындарында үздік бестікке енді

Пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан командасы Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

10 метрге нысана көздеуде Владимир Исаченко мен Зәуреш Байбосынова финалға өткен болатын. Өкінішке қарай, біздің мергендер жүлделі орынға іліге алмады. Олар жалпы есебі 323.9 ұпай жинаған.

Бұл спорт түріндегі алтын жүлдені Қытайлық команда жеңіп алды. Кореялықтар екінші, вьетнамдықтар үшінші орында.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал