29.11.2017, 18:11 617 Облыс әкімі волейбол ойнады

Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан Халықаралық турнир өтті. Қазақстан, Ресей, Тыва, Бурятия, Моңғолия және Өзбекстан елдері қатысқан "Жетісу Кубогі" танымал спорт түрінің тағы бір жаңғыруына ықпал етті.

Осынау спорт додосына отандық "Жетісу" командасының құрамында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза да қатысты. Турнирдің ашылу салтанатындағы алғысөзінде барлық қатысушылар мен спортсүйер ағайынға жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.

Сонымен қатар, облыс бойынша осы спорт түрімен шұғылданушылар санының артып келе жатқандағын тілге тиек етті. Қазіргі таңда жаңадан 47 волейбол секциялары ашылып, 83 мыңға жуық адамның қызығушылығы оянған. " Турнирдің осылай жоғары деңгейде өткізілуі аталмыш спорт түрінің дамуына біршама алға жылжулар әкелері сөзсіз. Себебі командалар құрамында - волейболдың дамуына үлесін қосып жұрген спорт шеберлері мен тәжірибелі азаматтар бар"-, деді облыс әкімі өз сөзінде.

Құттықтау сөздері мен ілтипаттарын Тыва Республикасындағы волейбол Федерациясының вице-президенті Чингис Каминов, Моңғолияның волейбол Федерациясының вице-президенті Тогтохбаяр Тагсмандал және басқа да белсенділер білдіріп өтті.
3 күнге созылған сайыс нәтижесі бойынша, Ресей құрамасы басжүлдені қанжығаларына іліп кетті. Ал, отандастарымыз 2-орынды қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл турнир алғаш рет өз бастауын елімізде алып отыр. Ендігі дода келесі жылы Моңғолияда өткізілетін болады.

Құндыз Мәжитова

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал