21.02.2018, 23:33 729 «Оқжетпес» «Қайраттан» 10:0 есебімен ойсырай ұтылды

Шағын футболдан Қазақстанның тұрақты чемпионы болып келе жатқан «Қайрат» ел біріншілігі аясында «Оқжетпеспен» кездесіп, көкшетаулықтарды 10:0 есебімен ойсырай ұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
ҚР Футзал қауымдастығына сілтеме жасап. Алматыда өткен матч барысында «Қайрат» үзіліске дейін - төрт, кейін тағы алты гол салды. Үш-үш голдан Тайеби мен Першин салды, дубль авторы Жаманқұлов атанды, бір-бір доптан Эдуардо мен Даниэль бағыттады.
«Қайраттың» бұл жеңісі «Жетісуды» кестенің бірінші орнынан ысыра алды. Бұл ретте, Какаудың шәкірттерінде запаста екі ойын бар.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал