29.04.2018, 16:38 648 Ол кім? Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды

Канаданың Квебек қаласында кезекті айқасын өткізетін отандасымыз Батыр Жүкембаевтың қарсыласының кім екені белгілі болды.
Батыр Жүкембаев 26 мамырда аргетиналық Джонатан Хосе Эниспен қолғап түйістіретін болды. Отандасымыздың қарсыласы осыған дейін кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 20 кездесуінде жеңіске жетсе, 9 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен. Биыл жасы 23- те.
Ал 27 жастағы қазақ «батыры» кәсіпқой бокста осыған дейін 12 жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жеткен. Оның 10 кездесуін нокаутпен аяқтаған. 26 мамырдағы өтетін жекпе-жегі Жүкембаевтің кәсіпқой бокстағы 13 кездесуі болмақ.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал